Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Езуіміз жиылмады күлкіден,Аузымыздан үзілмеді шаттық ән.Басқа ұлт адамдары өзара былай десті:«Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!» Осылай даланың барлық ағаштары Менің, Жаратқан Иенің, биік ағашты құлатып, аласа ағашты биік қылып өсіретінімді, әрі жасыл ағашты қуратып, қураған ағашты көгертетінімді білетін болады.Бұны Мен, Жаратқан Ие, айттым да, сонымды орындаймын да!» Мен сені жазалаған күні батылдығың берік болып, қолдарыңда күш қала берер ме екен? Осыны Мен, Жаратқан Ие, айттым да, оны орындаймын да. Мен іштеріңе өз Рухымды салып, сендер өмір сүретін боласыңдар. Сендерді өз елдеріңе қоныстандырамын. Сонда Менің, Жаратқан Иенің, мұны айтқанымды да, жүзеге асырғанымды да білетін боласыңдар. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын». Мен оларды дұшпандарының елдерінен, бөтен ұлттардың арасынан жинап әкелгенімде, көптеген халықтардың көз алдында олар арқылы Өзімнің киелілігімді көрсетемін. Себебі Мен оларды жат ұлттардың арасына жер аудартқан болсам да, кейін олардың ешқайсысын да ұмыт қалдырмай, өз елдеріне жинаймын. Сонда олар Менің өздерінің Құдайы Жаратқан Ие екенімді білетін болады.
Выбор основного перевода