Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол сияқты, Жаратқан Ие енді Сион шаһарына да жаны ашып, оның қаңырап бос қалған жерлерінің бәрін кереметпен қалпына келтірмек. Ол елдегі шөл дала мен құла түзді жұмақ секілді, иә, Жаратқан Иенің пейіш бағының өзі іспетті ғажап етпек! Сонда Сион шат-шадыман болып, шүкірлікке, шырқалған әнге бөленетін болады. Мен сол самырсынға көптеген бұтақ беріп, оны соншама көрікті қылдым. Құдайдың Едем бағында өскен барлық басқа ағаштар оны қызғанатын. Әскердің алдында — бәрін жалмайтын от, артында — лаулаған жалын! Алдындағы жер Едемдегі пейіш бағы сияқты болып тұрады, ал әскер өткеннен кейін қаңыраған қу дала болып шыға келеді. Олардан ештеңе де құтыла алмайды.
Выбор основного перевода