Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көршілеріміз бізді келеке қылуда,Маңымыздағылар мазақтап қорлауда. Уа, Моаб халқы, сендер де Исраилді мазақ қылмап па едіңдер? Ол туралы айтқан сайын мысқылдап бас шайқайтындай, Исраил халқы қарақшылардың арасында (ұрлық жасап жатқан жерінде) қолға түсті деп ойлайсыңдар ма? былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, Исраилдің таулары! Жаратушы Тәңір Иенің тау-төбелерге, аңғарлар мен шатқалдарға арнаған сөзіне құлақ салыңдар! Біліп қойыңдар, Мен сендерге қарсы жаудың семсерін жіберіп, биіктеу жерлеріңдегі (жалған тәңірлерге бағышталған) табыну орындарын жойғызамын. Халқым енді қайтып өзге халықтарға олжа болмайды, елдің жыртқыш аңдары да оларды жалмамайды. Халық қауіпсіз өмір сүріп, ешкім оларды қорқытпайтын болады.
Выбор основного перевода