Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Даладағы ағаштар өз жемісін, жер өз өнімін бермек. Сөйтіп халық елде аман-есен тұратын болады. Мен халқымның мойнына салынған мойынтұрықты сындырып, өздерін құл қылғандардың үстемдігінен құтқарамын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. Сол күні Мен мінажаттарыңа жауап беремін, — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Мен аспанға жауап беремін (де, бұлттар жіберемін), әрі аспан жерге жауап береді (де, жаңбыр жаудырады). Жер бидай, жүзім бұтасы және зәйтүн ағаштарына жауап береді де, шөлдерін қандырады, ал олар «Ізрел!» («Құдай сеуіп отырғызады») деп жауап береді. Сол кезде Мен халықты Өзім үшін елге сеуіп отырғызып, «Рақым-көрмегенге» рақым көрсетіп, «Халқым-еместі» енді «Өз-халқым» деп атаймын. Ал халық Маған: «Менің Құдайымсың!» дейтін болады!»
Выбор основного перевода