Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол күні түн ортасында Жаратқан Ие Мысырдағы барлық тұңғыштарды — тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап, түрмеде жатқан тұтқынның тұңғыш ұлына дейін және мал атаулының тұңғыш төлдерін де өлтірді. Қап, әттеген-ай, Нілге құятын салалардың ар жағында орналасқан, қанаттылар сусылдап ұшатын Құш елі қасіретке қалады! Сол ел қамыстан жасалған қайықпен Ніл өзенімен елшілерін жібереді.Уа, жүрдек хабаршылар! Өзендермен бөлінген өз елдеріңе қайтыңдар! Әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл өз халқыңа мына хабарды жеткізіңдер: Кейін Жаратқан Ие осы тапсырмасын былай деп түсіндірді: «Менің қызметшім Ишая үш жыл бойы сырт киімсіз, жалаң аяқ жүрді. Бұл — Мысыр мен Құш елдерінің басына түсетін азапты жайды алдын ала білдірген белгі. Ассур патшасы сол кезде Мысыр мен Құштан тұтқындағандарын осылайша айдап әкетеді. Жасы бар, кәрісі бар, олар сырт киімсіз, жалаң аяқ, арттары ашылған күйі жер аударылады. Содан Мысыр әбден масқараланады. «Өзіңе беймәлім елдердің арасына да сенің жойылғаныңды жария қылғанымда көптеген халықтардың жүректерін қорқынышпен қобалжытамын. Осылайша көп ұлттарды саған аңтарылып, үрейлене қарайтын қыламын. Мен олардың патшаларының алдында семсерімді сілтегенде, олар саған қарап төбе шаштары тік тұратын болады. Сен күйреген кезде олардың әрқайсысы әр сәт сайын өз өмірі үшін дір-дір ететін болады. «Исраилдің бекініссіз елді мекендеріне барып, шабуылдаймын! Бейқам өмір сүріп жатқан халқына тұтқиылдан бас саламын. Олардың тұратын жерлерін қорғайтын қамалдары, ысырмамен жабылатын қақпалары атымен жоқ екен.
Выбор основного перевода