Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, елдің тұрғындары, құритын күндерің келді! Уақыт таяп қалды, сот күні жетті! Тауларды орақтың көңілді әні емес, қатты қорқудың айқайы жайлайды. Уақыт келіп, мезгіл жетті. Сатып алушы алғанына қуанбасын, қолдан кеткен иелігіне сатушы қайғырмасын, өйткені Менің қаһарым осы шулы халықтың бәріне де лаулайтын болады. Мен Мысырдың билігін жойғанда, Тахпанхес қаласына да қара күн туып, ол асқақ қуатынан жұрдай болады. Бұл қаланы түнерген бұлт жауып, оған қарасты елді мекендерінің тұрғындары тұтқындалып айдалып кетеді. Жаратқан Иенің барлық халықтарды соттайтын күні таяп қалды! (Уа, Едом,) сен не істеген болсаң, саған да сол нәрсе істелінеді. Осылайша істегендерің өз басыңа түспек. (Уа, Яһуда халқы,) Жаратушы Тәңір Иенің алдында үнсіз болыңдар! Себебі Жаратқан Иенің соты күні таяп қалды! Жаратқан Ие Яһуда халқын құрбандық болуға дайындады. Өзі асқа шақырған Яһуданың жауларын сол рәсімге арнап тазартқандай даярлады. Жаратқан Иенің ұлы күні таяп, жақындап қалды, ол тез келе жатыр! Жаратқан Иенің сол күні қатты дауыс шықпақ, сонда мықты жасақшылар да ащы зармен айқайлайтын болады.
Выбор основного перевода