Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен мысырлықтарды қатыгез қожайынның қолына табыстаймын, сол қайырымсыз патша оларға үстемдік жүргізетін болады». — Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие осыны нық айтады. Ніл өзеніндегі судың деңгейі төмендеп, оның арнасы кеуіп, құрғап қалады. Өзен салалары мен арықтар сонда саси бастап, қалаларды қоршаған орлардың суы да жоқ болады. Қамыс пен қоға кеуіп, семіп қалады. Оларға тіл қатып былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қой, Мен саған қарсы шығамын, ей, Мысыр патшасы перғауын! Сен дәу айдаһардай «Ніл — менікі, мен оны өзім үшін жараттым!» деп бөсіп мақтанасың. Осылайша Мысыр елі қаңырап бос қалады. Сонда бұл туралы естігендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.Сен «Ніл — менікі, мен оны өзім үшін жараттым!» деп бөсіп мақтанғаның үшін біліп қой: Мен саған және Ніл өзенінің тармақтарына қарсы шығамын! Мен солтүстіктегі Миғдол қаласынан бастап, оңтүстіктегі Асуан қаласына, одан әрі Құш елінің шекарасына дейін созылған бүкіл Мысыр елін қаңыратып бос қалдырамын.
Выбор основного перевода