Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
біліп қой: Мен саған қарсы жат жерліктерді, халықтардың арасындағы ең қатыгезін жіберемін. Олар сенің көрікті даналығыңды семсерлерімен шауып, нұрлы салтанатыңды аяқ асты етіп арамдайды. Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Біліп қой, Мен басыңа бір семсерді шүйілтіп, адамдарың мен малдарыңды қырып тастаймын. Семсер Мысырға тап бермек, Құш елін де зор үрей билемек. Мысырда халық қырылып, оның мол байлығы тасып әкетіліп, түп негіздері қиратылмақ. Сондықтан да Мен оны халықтардың әміршісіне тапсырдым, ол самырсынға зұлымдығына сай шара қолданды. Мен сол ағашты лақтырып тастадым.
Выбор основного перевода