Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халқымның Мені тастап кетіп, бөтен тәңірлерге хош иісті заттар түтетіп ұсынғандары және өз қолдарымен жасап алған мүсіндерге табынып кетіп істеген барлық зұлым істеріне бола Мен оларға жазалау үкімін шығарамын! Оңтүстік Мысырды елсіз жерге айналдырып, (солтүстік Мысырдағы) Соған қаласына от қоямын, әрі Но қаласына жазаларымды жүзеге асырамын. Осылай Мен Бабыл патшасының қолын күшейтемін, бірақ перғауынның қолы әлсіреп, жасық болады. Мен семсерімді Бабыл патшасының қолына ұстатып, ол соны Мысыр еліне қарсы жұмсағанда, олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. Мен мысырлықтарды басқа ұлттардың арасына таратып, бөтен елдердің ішіне шашыратып жіберемін. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».
Выбор основного перевода