Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Мысырдың барлық тұрғындары Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.Сен Исраил елі үшін қамыс таяқ іспетті қауқарсыз болдың. Бұдан былай Мысыр Исраилдің сүйенетін тірегі бола алмайды. Қайта, Мысырдың жағдайын көргенде Исраил халқы бұрын сол елден қолдау сұрап күнә жасағанын есіне алып отырады. Сонда олар Менің Жаратушы Тәңір Ие екенімді білетін болады». Құш, Либия, Лүдия, күллі арабтар, Хуб, әрі келісім жасасқан одақтас жердің бүкіл халқы олармен бірге семсерден қаза табады. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Мысырды қолдайтындар құлап, оның асқақ қуаты құлдырайды. Солтүстіктегі Миғдолдан оңтүстіктегі Асуанға дейін созылатын бүкіл Мысыр елі семсерден қырылатын болады. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. Оңтүстік Мысырды елсіз жерге айналдырып, (солтүстік Мысырдағы) Соған қаласына от қоямын, әрі Но қаласына жазаларымды жүзеге асырамын. Мен Мысыр еліне «от қоямын». Сонда Син қаласы жаны қиналып жанталасады, Но шабуылдан күйреп қолға түседі. Мемфиске жау күн сайын бас салады.
Выбор основного перевода