Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейін Жаратқан Ие осы тапсырмасын былай деп түсіндірді: «Менің қызметшім Ишая үш жыл бойы сырт киімсіз, жалаң аяқ жүрді. Бұл — Мысыр мен Құш елдерінің басына түсетін азапты жайды алдын ала білдірген белгі. Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Біліп қой, Мен басыңа бір семсерді шүйілтіп, адамдарың мен малдарыңды қырып тастаймын. Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтты: «Біліп қойыңдар, Мен Мысыр елін Бабыл патшасы Набуходоносордың қолына тапсырамын. Ол оны тонап, олжалап, мол байлығын иемденіп, алып кетеді. Бұл оның әскеріне арналған ақы болмақ. Құш, Либия, Лүдия, күллі арабтар, Хуб, әрі келісім жасасқан одақтас жердің бүкіл халқы олармен бірге семсерден қаза табады. Сол кезде Мен бейқам отырған Құш елін қорқытып, зәресін ұшыруға қайықтарға мінген елшілерді жіберемін. Мысыр күйреген күні олар аңтарылып, қатты үрейленеді. Өйткені осы күн, міне, таяп қалды!» Оның өзі және әскері — барлық халықтардың арасындағы ең қатыгезі Мысыр елін құртуға келтіріледі. Олар қынаптарынан семсерлерін Мысырға қарсы шығарып, бүкіл елді өлгендердің сүйектерімен толтырады.
Выбор основного перевода