Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бәрібір екен. Содан да мен: «Тәңір Ие кінәратсызды да, зұлымды да құртады» деймін. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Жартасты төбенің басында тұрған саған қарсы шығамын, уа, Иерусалим: «Бізге қарсы соғысып, баспанамызға кіре алатын кім бар?» деп мақтанатын сендерге қарсы Өзім соғысамын. «Әй, Жаратқан Иенің семсері, қашанға дейін тыным таппайсың? Қынабыңа қайта оралып, дамылдап, тынышталсаң екен!» Сол себепті Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Біліп қой, енді Мен Өзім саған қарсы боламын, (уа, Иерусалим)! Мен өзіңе шығарылған шешімдерімді басқа халықтардың көзінше іске асырамын. Сол жабайы аймаққа былай де: Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен саған от тұтатпақпын! От өзіңдегі барлық ағашты: жасылын да, қурағанын да жалмап қояды. Лаулаған жалыны өшпейді. Оның қызуынан оңтүстік пен солтүстіктің аралығындағының бәрінің бет-жүздері күйіп қалады. «Ей, пендем, Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Семсер қайралды, семсер жалтыратылды! Ол бауыздап кескілеу үшін қайралды, найзағайдай жарқылдау үшін жалтыратылды!»— Біз патшаның асатаяғына сеніп, сол үшін көңілді болмақпыз ба?— Семсер ешбір таяқты менсінбейді! Ол қолға ұстау үшін жалтыратылып жатыр! Семсер қырушының қолына тапсырылу үшін қайралып, жалтыратылуда! «Ал сен, пендем, Бабыл патшасының семсері таяп келетін екі жолды белгілеп қой. Олардың екеуі де бір елден бастап шықсын. Жолдың Бабыл қаласынан шығып, екіге айырылатын жеріне бір жол белгісін қой!
Выбор основного перевода