Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көктегі тағында отырған Құдай күледі,Солардың ойларын Жаратқан келекелейді, Сол үшін қиналған кездеріңде күлемін,Үрейлерің ұшқанда келеке етемін. Ақыр аяғында қаһарым басылмақ. Мен оларға деген ашуымды тыншытып, осы жазалағаныммен қанағаттанамын. Ал қаһарымды оларға лақ еткізген кезімде олар Менің, Жаратқан Иенің, бұларды зор қайрат-жігермен айтқанымды білетін болады. Осылай даланың барлық ағаштары Менің, Жаратқан Иенің, биік ағашты құлатып, аласа ағашты биік қылып өсіретінімді, әрі жасыл ағашты қуратып, қураған ағашты көгертетінімді білетін болады.Бұны Мен, Жаратқан Ие, айттым да, сонымды орындаймын да!» Сондықтан, ей, пендем, Менің хабарымды жеткіз! Екі алақаныңды соқ! Семсер екі рет, тіпті үш рет шауып түссін! Бұл — өлімге кесілгендерге арналған семсер. Зор қырғынға арналған осы семсер оларға жан-жақтан таяп келмек. Міне, қара! Мен сенің әділетсіз жолмен ие болған пайдаңа және өз араңда төгілген қанға бола ызалана екі алақанымды соғамын.
Выбор основного перевода