Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Ассур әскері соғыста семсерден құриды, бірақ пенденің семсерінен емес. Адам қолымен жасалмаған қару оларды жалмайтын болады. Ассурлықтар семсерден қашып кетпек, ал олардың жас жігіттері құлдыққа түсіп, ауыр жұмыс істейтін болады. Иен даладағы барлық тақыр төбелердің үстімен құртушылар келе жатыр. Мен, Жаратқан Ие, жіберген семсер елдің бір шетінен екінші шетіне дейін бәрін де қырып-жояды, одан аман қалатын тірі жан болмайды. Жаратқан Ие аммондықтар туралы мынаны айтады:— Исраилдің үрім-бұтағы жоқ па екен? Оның жерін мұра ететін ешкім қалған жоқ дейсіңдер ме? Жалған тәңір Молохқа табынатын сендер, ей, Аммон халқы, Исраилдің Ғад руына тиісті жерді неге иемденіп алдыңдар? Қалайша сендер Ғадтың қалаларында тұрып жатырсыңдар? — Сондықтан Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Біліп алыңдар, Мен болашақта аммондықтардың астанасы Раббаға қарсы соғыстың айқай-шуын естіртемін. Рабба жермен-жексен болып, бір төбе үйіндіге айналады. Оған қарасты елді мекендер де өртеніп кетеді. Сонда Исраил халқы өз жерін тартып алған аммондықтардан оны қайтарып алады. — Жаратқан Ие осыны уәде етеді. «Пендем, бет-жүзіңді Аммон еліне қарай бұр да, оларға қарсы мына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Иенің сөзін тыңдаңдар! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендер Менің киелі үйім арамданып, Исраил елі күйреп, халқым Яһуда тұтқындалып, жер аударылғанда «Әп, бәлем! Өзіне де сол керек!» деп табалап мазақтадыңдар. «Менің халқымды ренжітіп, олардың еліне қоқан-лоқы жасаған моабтықтардың келемеждеген сөздері де, аммондықтардың мазағы да құлағыма жетті. —
Выбор основного перевода