Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды,Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды,Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында,Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да! «Киелі тауым Сионда Мен ӨзімОсы патшамды тағайындаған едім!» Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Алдағы уақытта Мен Дәуіттің әулетінен бір «Әділ Өскінді» өсіріп шығаратын кез келеді. Ол патшалық құрып, даналықпен әрекет етіп, жерге әділет пен шындық орнатады. Сол кезде Яһуда елі құтқарылып, Солтүстік Исраил де аман-есен өмір сүретін болады. Патша: «Әділдігіміздің қайнары — Жаратқан Ие» деп аталмақ. Мен, Жаратқан Ие, олардың Құдайы, ал қызметшім Дәуіт олардың арасындағы әмірші болады. Өзім, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. Менің қызметшім Дәуіт оларға патшалық құрады. Осылайша барлығының бағушысы біреу болады. Халқым Менің шешімдеріме сәйкес әрекет етіп, ережелерімді сақтап, іске асыратын болады. «Яһуданың әкімі Зоробабелге мынаны жеткіз: Мен аспанды да, жерді де шайқалтамын, патшалықтардың тақтарын төңкеріп, басқа халықтардың мемлекеттерінің күш-қуатын жоямын. Мен соғыс күймелерін оларды айдайтындарымен қоса аударамын. Атты әскерлер де жерге құлап, бір-бірінің семсерінен қаза табады». Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Сол күні, уа, қызметшім Салатиел ұлы Зоробабел, Мен сені өз қолымдағы мөрлі жүзігімдей беделді етіп тағайындаймын. Себебі Мен сені таңдап алдым». — Осы уәдені Әлемнің Иесінің Өзі берді. Оған былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Мынау — «Өскін» есімді адам. Ол өз орнынан өсіп-өрбіп, Жаратқан Иенің ғибадатханасын тұрғызатын болады. Иә, Жаратқан Иенің ғибадатханасын тұрғызатын Сол болады! Ол салтанатқа бөленіп, өз тағында отырып билік құрмақ. Ешуа діни қызметкер ретінде патшалық таққа отырған соң, екі лауазымның арасында ынтымақ орнайды. Уа, Сион халқы, қатты қуан! Уа, Иерусалим халқы, шаттана ән шырқа! Қара, сенің Патшаң саған келе жатыр! Ол — әділ Құтқарушы, кішіпейілділікпен есекке мініп алып, тайқардың, бір жас есектің, үстінде отыр. Аттылының жамылғысының екі жанында: «Патшалардың Патшасы, иелердің Иесі» деген атағы да жазылған.
Выбор основного перевода