Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Ал енді, пендем, күйдірілмеген кірпішті алып, оны алдыңа қой да, оған бір қаланың, яғни Иерусалимнің, жобасын сыз. Қаланы қоршауға алуды бейнелеп көрсет. Оған қарсы бекіністер тұрғызып, қабырғаларының маңына тас-топырақтан үймек үй. Сосын әскер қостарын тігіп, айналасына қамал бұзатын қондырғыларды орналастыр. Содан соң нан жабатын темір таба ал. Оны темір қабырға іспетті өзің мен қаланың арасына орнат. Бет-жүзіңді қалаға бұр. Осылайша қаланың қалай қоршалып, қиналатынын көрсетесің. Бұл Исраил халқына арналған ескерту белгі болады. Бұдан жүректері әлсіреп, олардың көбі жан тапсырмақ. Мен жүзі жалтыраған семсерді барлық қала қақпаларына қойдым. Иә, ол найзағайға ұқсатылып арнайы жалтыратылып, қыруға дайындалған.
Выбор основного перевода