Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Иеміз онысына тек күледі,Сот күнінің таяп қалғанын біледі. Олардың көрген аяндары өтірік, айтқан сәуегейліктері құр бос сөз. Себебі өздерін Мен, Жаратқан Ие, жібермесем де, олар: «Бұл — Жаратқан Иенің айтқаны!» деп жариялайды. Және сол сөздері қалайда орындалады деп дәмеленеді. Мен сендерге сөзімді арнап, ештеңе айтпасам да, «Бұл — Жаратқан Иенің айтқаны» деулерің өтірік аян мен жалған болжам емес пе?!» Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Сендердің өтірік сөз айтып, жалған аян көргендеріңе бола, Мен сендерге қарсы боламын! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мұны нық айтамын. Жалған көріністер көріп, өтірік сәуегейлік айтатын пайғамбарларға қарсы қолымды созамын. Енді қайтып Менің халқымның қауымында оларға орын болмайды. Сөйтіп олар Исраил халқының шежірелеріне тіркелмейді де, Исраил еліне қайтып келмейді де. Сонда сендер Менің Жаратушы Тәңір Ие екенімді білетін боласыңдар. Ал сен үшін, уа, Исраилдің бұзылған, зұлым билеушісі, енді күнің туды, жазаланатын кезің жетті!» Ал пайғамбарларың болса, Мен оларға сөйлемесем де, «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады» дейді. Олар жалған көріністер көріп, өтірік сәуегейлік айтып, сол басшылардың жасаған қылмыстарын әкпен сылағандай ақтайды. Сен қаскүнем пиғылыңнан арылмай, Исраил халқының басына күн туып, зұлымдығы жазаланатын ақырғы сағаты соққанда, оларды семсерден қырылуға тастап кеттің.
Выбор основного перевода