Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер әлі де Маған қарсы шығып, еркіме бағынбай қойсаңдар, күнәларыңа сай апатты жеті есе ұлғайтамын. онда Мен де сендерге қарсы шығып, күнәларыңа бола жеті есе қаттырақ жазалаймын. Сонда Балақтың Балағамға деген ашу-ызасы лаулап, екі алақанын сарт еткізіп, былай деп айқайлады:— Сені жауымды қарға деп шақырсам, сен оның орнына оларға үш рет ақ бата бердің! Жохақымның патшалық құрған кезінде Бабыл патшасы Набуходоносор Яһуда еліне басып кірді. Жохақым үш жыл Набуходоносорға бағынышты болды, ал содан кейін оған қарсы бас көтерді. Сол кезде Бабыл патшасы Набуходоносордың нөкерлері Иерусалимге қарсы өрлеп шығып, қаланы қоршап алды. Седекияхтың патшалық құрған тоғызыншы жылының оныншы айының оныншы күні Бабыл патшасы Набуходоносор бүкіл әскерімен Иерусалимге қарсы аттанды. Олар қаланы қоршауға алып, оның қамалынан өрлеп өту үшін жан-жағын айналдыра тас-топырақ үймектер жасады. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: Үрейлене екі алақаныңды соғып, аяғыңмен жерді теуіп қал! Исраил халқының жасаған зұлым да жексұрын істерінің бәріне бола «Уа, қасірет!» деп айқай сал! Себебі халық енді семсер, ашаршылық және індеттен қырылатын болады. Міне, қара! Мен сенің әділетсіз жолмен ие болған пайдаңа және өз араңда төгілген қанға бола ызалана екі алақанымды соғамын. Мен Бабыл патшасының қолдарын күшейтіп, оның қолына өз семсерімді ұстатамын, ал перғауынның қолдарын сындырамын. Ол Бабыл патшасының алдында өлімші болып жараланған адамдай ыңырситын болады.
Выбор основного перевода