Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие аммондықтар туралы мынаны айтады:— Исраилдің үрім-бұтағы жоқ па екен? Оның жерін мұра ететін ешкім қалған жоқ дейсіңдер ме? Жалған тәңір Молохқа табынатын сендер, ей, Аммон халқы, Исраилдің Ғад руына тиісті жерді неге иемденіп алдыңдар? Қалайша сендер Ғадтың қалаларында тұрып жатырсыңдар? — Сондықтан Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Біліп алыңдар, Мен болашақта аммондықтардың астанасы Раббаға қарсы соғыстың айқай-шуын естіртемін. Рабба жермен-жексен болып, бір төбе үйіндіге айналады. Оған қарасты елді мекендер де өртеніп кетеді. Сонда Исраил халқы өз жерін тартып алған аммондықтардан оны қайтарып алады. — Жаратқан Ие осыны уәде етеді. Зар жыла, о, Хешебон қаласы, өйткені Гай қаласы қирады! Айқайлаңдар, о, Рабба қаласының тұрғындары да! Азалы киім киіп, күңіреніңдер! Дуалдардың ішінде олай-бұлай аласұрыңдар! Жау сендер табынған Молохты абыздары және әміршілерімен бірге жер аударып әкетеді. Өздеріңнің шұрайлы аңғарларыңмен неге мақтанасыңдар? Оларыңнан жақында жұрдай боласыңдар! Уа, опасыз Аммон халқы, сен өз байлығыңа сеніп: «Маған кім шабуыл жасай алады?!» — деп дандайсисың. «Мен саған жан-жағыңнан қорқыныш туғызамын, — деп ескертеді Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие. — Әрбір тұрғының айдалып кетеді! Сол босқындарыңды ешкім жинап қайтарып әкелмейді». «Алайда болашақта Мен Аммонның үрім-бұтағын өз еліне қайтарып, игілікке кенелтемін»! — Жаратқан Ие осы уәдені береді. Бірде Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді: «Пендем, бет-жүзіңді Аммон еліне қарай бұр да, оларға қарсы мына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Иенің сөзін тыңдаңдар! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендер Менің киелі үйім арамданып, Исраил елі күйреп, халқым Яһуда тұтқындалып, жер аударылғанда «Әп, бәлем! Өзіне де сол керек!» деп табалап мазақтадыңдар. Сондықтан біліп қойыңдар, Мен сендерді шығыстағы иен даланы мекендейтін көшпелі тайпалардың меншігіне тапсырамын. Олар араларыңда қостарын тігіп, шатырларын құрып, бекінеді. Сендердің өнімдеріңді жеп, малдарыңның сүтін ішетін болады. Мен Рабба қаласын солардың түйелері жайылатын құла түзге айналдырамын, бүкіл Аммон елі де қой-ешкінің тынығатын қашасы болады. Осылай сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар!» Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Аммон халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Аммондықтар өз жерлерін кеңейту үшін Ғилақад аймағына бас салып, сондағы жүкті әйелдерді қарындарын жарып өлтірді. Сол үшін мен Рабба қаласының қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның сарайларын жалмап қояды. Дауылды күннің құйынындай бір әскердің шабуылдап атой салғаны естілетін болады. Сонда Амонның патшасы өзінің әміршілерімен бірге басқа жаққа айдалып кетеді», — деп нық айтады Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода