Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие маған тағы мынаны да айтты:— Егер осы халықтың не жай адамдары не бір пайғамбары, не бір діни қызметкері сенен: «Жаратқан Иенің саған жүктеген ауыр хабары қандай?» деп сұраса, оларға былай де: «Өздерің ауыр жүксіңдер! Ал Жаратқан Ие сендерді тастап кетемін дейді!» Сонда олар тыңдаса да, тыңдаудан бас тартса да — олар бас көтергіш халық емес пе? — әйтеуір, олар өздерінің араларында Құдайдың пайғамбарының бар екенін білетін болады. Мына бас көтергіш халықтан: «Осы астарлы әңгіменің мағынасын түсінбейсіңдер ме?» деп сұра! Оларға мына хабарымды жеткіз: Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалимді басып алды да, қаланың патшасы мен әміршілерін Бабылға айдап әкетті. Халық менен:— Осы істеп жатқандарыңыздың біз үшін қандай мағынасы бар екенін айтып бермейсіз бе? — деп сұрады.
Выбор основного перевода