Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оның үстіне: «Құдай тездетсін, істейтінін жылдамдап істесін, көрейік! Исраилдің Киелі Құдайының жоспары жақында жүзеге ассын, Оның көздегенін біліп алайық!» — деп олар мысқылдайды. Ал дұшпандарым мені: «Жаратқан Иенің айтқан сөзі қайда? Кәне, қазір-ақ іске ассыншы!» деп келекелей береді. «Үй салатын уақыт таяп қалды емес пе? Осы қала қазан іспетті, ал біз соның ішінде аман сақталатын ет сияқтымыз», деп бөсіп жүр. «Пендем, Исраил халқы былай деп жүр: «Сол кісінің көрген аяны бұдан көп жылдан кейін ғана орындалады! Ол сонау болашақта болатындар жайлы пайғамбарлық сөз айтып жүр». Мақалдап сөйлейтіндер енді: «Шешесіне қарап қызын таны» деген мақалды сен туралы айтатын болады. Дегенмен, сендер «апат болатын күн алыс» деп ойлап, аяусыз сотталатын күнді өздерің жақындатасыңдар. Өйткені бұл хабар белгілі бір уақытта іске асып, орындалатын кезіне меңзейді. Ол өтірік болып шықпайды. Орындалуы кейінірек болса да, оны күт! Ол шүбәсіз келіп, еш кешікпейді. Мұндайлар: «Иелеріңнің қайтып келетіні жайлы берген уәдесі қайда, ә? Аталарымыз қайтыс болғаннан кейін де барлық жайттар еш өзгеріссіз, жаратылыстың басталуынан бергі қалпында қалып келеді ғой», — дейді.
Выбор основного перевода