Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені Жаратқан Ие мынаны айтады: «Бүкіл ел қирап қаңырап бос қалады! Дегенмен оны түгелдей қырып-жоймаймын. — Мен Иерусалимді бір төбе үйінді етіп, оны шибөрілердің мекені қыламын. Яһуданың басқа қалаларын да адам баласы тұрмайтындай етіп қаңыратып бос қалдырамын. — (Жаратқан Ие осыны нық айтады.) Мен сені қиратып, айналаңдағы халықтардың және сен арқылы өтетін әркімнің көз алдында масқара қылып, қаңыраған бос жерге айналдырамын. Мекендеп келген жерлеріңнің бәріндегі қалалар бос қалып, биіктеу орындарың талқандалмақ. Құрбандық үстелдерің құлатылып, қаңырап қалады. Жалған тәңір мүсіндерің паршаланып құртылады, хош иісті заттарды түтету үстелдерің қиратылып жойылады. Өз қолдарыңмен жасап алған солардың бәрі де құрып жоқ болады. Сол себепті Мен сендерді жарақаттап құртамын, күнәларың үшін күйретемін.
Выбор основного перевода