Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қираған қорғандары және сәулетті сарайларының қалдықтары қорқау қасқыр мен шибөрінің ұлыған даусымен жаңғырады. Иә, Бабылдың құритын уақыты таяп қалды, оның күні өтті! Менің аузымнан шыққан сөзім де соған ұқсайды: ол нәтиже берместен Өзіме қайта оралмайды. Керісінше, Менің сөзім еркімді толық орындап, көздеген мақсаттарымды жүзеге асырады». «Ей, пендем, сен бас көтергіш халықтың арасында тұрып жатырсың. Олардың көруге арналған көздері болса да, көрмейді, естуге арналған құлақтары болса да естімейді. Өйткені олар бас көтергіш халық. Сондықтан сен оларға былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Менің сөздерімнің ешқайсысы да енді кейінге қалдырылмайды! Айтқандарымның бәрі де іске асатын болады! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мұны нық айтамын». Өзіңнің бізге және билеушілерімізге айтқан сөздеріңді жүзеге асырып, бізді ғаламат апатқа душар еттің. Иерусалимнің басына түскендей ауыр апат бұрын-соңды аспан астында болған емес. — Халықтарға көз тастап, назар аударыңдар! Таңғалып, таңдай қағыңдар! Себебі көздеріңнің тірісінде Мен бір істі жүзеге асырмақпын. Оны біреу алдын ала айтып берсе де, сендер сенбес едіңдер:
Выбор основного перевода