Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы кезде жау қала қабырғасының бір жерін тесіп, ішке кірді. Сонда (Седекиях пен) барлық яһуди жасақшылары қашып кетуге тырысты. Бабылдық әскер қаланы қоршап тұрғанмен, олар түн ішінде патша бағының маңында екі қабырғаның арасында орналасқан қақпадан сытылып шықты. Содан олар Иордан алқабындағы елсіз далаға қарай бет алды. Алайда Бабыл әскері патшаның соңынан аттанып, оны Иерихонның маңайындағы елсіз далада қуып жетті. Седекияхтың бүкіл жасағы оның қасынан бытырап кеткен болатын. Седекиях бабылдықтардың қолына түсіп, Хамат еліндегі Рибла қаласына Бабыл патшасының алдына апарылды. Сол жерде бабылдықтар Седекияхты соттап, үкімін шығарды. Олар Седекияхтың ұлдарын оның көз алдында шауып өлтірді. Мұнан кейін Седекияхтың екі көзін ойып алып, қол-аяғына қола шынжыр салып, Бабылға айдап әкетті. Жұрттың көзінше заттарыңды иығыңа салып ал да, қараңғылыққа сүңгіп кет! Тастап бара жатқан еліңді көре алмайтындай етіп, бетіңді тұмшалап жауып ал. Өйткені Мен сені Исраил еліне (болашақтағы оқиғаларды алдын ала білдіретін) ескертуші еттім». Осылайша Езекиел өздеріңе (болашақтағы оқиғаларды алдын ала білдіретін) ескертуші болмақ. Сендер оның істегендеріндей істеуге тиіс боласыңдар! Осының бәрі орындалғанда, сендер Менің Жаратушы Тәңір Ие екенімді білесіңдер.
Выбор основного перевода