Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы кезде жау қала қабырғасының бір жерін тесіп, ішке кірді. Сонда (Седекиях пен) барлық яһуди жасақшылары қашып кетуге тырысты. Бабылдық әскер қаланы қоршап тұрғанмен, олар түн ішінде патша бағының маңында екі қабырғаның арасында орналасқан қақпадан сытылып шықты. Содан олар Иордан алқабындағы елсіз далаға қарай бет алды. Алайда Бабыл әскері патшаның соңынан аттанып, оны Иерихонның маңайындағы елсіз далада қуып жетті. Седекияхтың бүкіл жасағы оның қасынан бытырап кеткен болатын. Соның бір бөлігін өзің сызып жасаған қала жобасының дәл ортасына қой. Сенің қаланың қоршауға алынуын бейнелеп көрсеткен күндерің аяқталғанда шашыңның сол бөлігін өртеп жібер. Шашыңның екінші бөлігін сол өткір семсермен кескілеп, қала жобасын айналдыра шашып таста. Соңғы бөлігін желмен бірге ұшырып жібер. Себебі Мен семсерімді суырып алып, халқымның артынан қуып, оны шашыратып жіберемін. Сонда сендегі әкелер өз балаларының, ал балалары әкелерінің етін жейтін болады. Осылай Мен саған жазаңды тартқызамын. Содан тірі қалған адамдарыңның бәрін дүниенің шартарабына шашыратып жіберемін. Халқыңның үштен бір бөлігі қаланың ішінде аштан не індеттен өледі, тағы үштен бір бөлігі қаладан тыс жау қолынан қаза табады. Қалған үштен бір бөлігін Мен дүниенің шартарабына шашыратып жіберіп, жалаң семсеріммен арттарынан қуамын.
Выбор основного перевода