Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай өтірік айтатын пенде емес,Ойын өзгерте беретін адам да емес.Ол айтса, сонысын іске асырмай ма,Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма? Ал Самуил есейіп, өсе берді. Жаратқан Иенің Өзі жар болып, оған алдын ала хабарлап айтқан сөздерінің бәрі де жүзеге асып отырды. Жаратқан Иенің кітабын оқып шығып, білімді қабылдаңдар! Сол кезде осы аңдардың бір түрі де жоқ болмайды, ешқайсысы да жұпсыз қалмайды. Себебі Жаратқан Иенің Өзі мұны бұйырды, Оның Рухы оларды жинап әкелмек. Олардың көрген аяндары өтірік, айтқан сәуегейліктері құр бос сөз. Себебі өздерін Мен, Жаратқан Ие, жібермесем де, олар: «Бұл — Жаратқан Иенің айтқаны!» деп жариялайды. Және сол сөздері қалайда орындалады деп дәмеленеді. Мен сендерге сөзімді арнап, ештеңе айтпасам да, «Бұл — Жаратқан Иенің айтқаны» деулерің өтірік аян мен жалған болжам емес пе?!» Сондықтан сендер енді қайтып жалған көрініс көріп, сәуегейлік айтпайсыңдар! Мен өз халқымды сендердің қолдарыңнан құтқарып аламын. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар». Әлемнің Иесі тағы мынаны жариялайды: «Сол күні Мен елдегі жалған тәңір аттарын өшіремін. Оларды енді қайтып ешкім есіне алмайтын болады. Мен, сондай-ақ, елден жалған пайғамбарларды да, арамдықтың рухын да аластатамын. Егер қайтадан бір пайғамбар пайда болса, туған әке-шешесі оған: «Жаратқан Иеден келген хабар деп өтірік айтып жүргендіктен сен өлуге тиіссің!» деп сақтандырады. Ал егер жалған пайғамбарлық сөз айтып тұрса, әке-шешесі оны түйреп өлтіреді. Сол күні адамдар аян көріп, жалған пайғамбарлық сөз айтудан ұялатын болады. Ешкім де енді қайтып жұртты алдау үшін пайғамбардың түйе жүн шапанын кимейтін болады.
Выбор основного перевода