Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан соң Ол маған былай деп түсіндірді: — Пендем, Мен Иерусалимді күн көріп келген нанынан құр қалдырамын. Оның жұрты өздеріне күнделікті таразыға салынып үлестірілетін нандарын қорқып жейтін, әрі өлшеніп берілетін суларын үрейленіп ішетін болады. (Шетелдік ұсталарға мынадай тапсырма берілмек:) «(Исраил халқына арнап) шынжырлар дайындаңдар! Өйткені елдің іші қан төгілген қылмыстарға әрі Иерусалим қаласы зорлық-зомбылыққа толып кетті!» Осылай Мен оларды өздері бұрын-соңды көріп-білмеген халықтардың арасына дауыл айдағандай бытыратып жібердім. Олар тастап кеткен елдің иесіз бос қалғаны сонша, онда ешкім де аяқ басып жүрмейтін болды. Осылайша олар сол шұрайлы елді қаңыраған құла түзге айналдырды.
Выбор основного перевода