Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан філістірлер жан сала шайқасып, исраилдіктер ойсырай жеңілді. Барлығы бытырап, әркім өз үйіне қашып кетті. Қырғынның зор болғаны сонша, отыз мың исраилдік жаяу жасақтың мәйіттері ұрыс даласында қалды. Бұған қоса Құдайдың сандығы жаудың қолына түсті, әрі Елидің екі ұлы Опни мен Пінехес қаза тапты. Сендердің есімдерің Менің таңдап алғандарым үшін қарғыс іспетті болып қалады. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, көздеріңді құртамын, ал адал қызметшілеріме жаңадан құрметті есім сыйлаймын. Менің жер бетіндегі тұрағым — осы елде баяғыда болған жерім Шилоға барып көріңдерші! Мен алғашқы кезде өз есімімді сонда орнатқан болатынмын. Алайда халқым Исраилдің зұлым істерді істей бергені үшін оған не қылғанымды өз көздеріңмен көріңдер! Ал енді, осындай күнә жасап жүргендеріңде Мен сендерге қайта-қайта ескерттім, бірақ сендер тыңдамадыңдар! Мен шақырдым, бірақ жауап бермей қойдыңдар! Сондықтан Менің есіміммен аталған және өздерің сенімдеріңді артқан мына киелі үйді Шилодағы ежелгі табыну орны іспетті талқандатамын. Мен өздеріңе және ата-бабаларыңа табыстаған осы елге де солай істеймін. Мен барлық патшалықтарды олардан шошынып аңтарыла жиренетін қыламын. Қай жерге шашыратып жіберсем де, олар мазаққа айналып табаланады әрі келекеленіп қарғалатын болады.
Выбор основного перевода