Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие мына алтауды жақтырмайды,Тіпті жетеуді жаны мүлдем жаратпайды: Тәкаппар көз бен өтірікші тіл,Һәм жазықсыз қан төгетін қол, Жат жұрттыққа, жетім-жесірге жамандық істемей, жазықсыз қан төгулеріңді, бөгде тәңірлерге табынуларыңды қойыңдар, өйткені осылар өздеріңнің құрып кетулеріңе себеп болады. Ал сен жан-тәніңмен арам пайдаға құнығып, жазықсыз қан төгіп, басқаға зорлық-зомбылық жасауды ынтыға көздейсің. Сол үшін де кінәсіз Әбілден бастап, өздерің киелі үй мен құрбандық үстелінің арасында өлтірген Барақияхтың ұрпағы Зәкәрияға дейін жер бетінде төгілген күллі әділдердің қандарының құны сендердің мойындарыңа жүктелетін болады! Енді ештеңе істей алмайтынын, керісінше, халықтың толқуы өршіп бара жатқанын көрген Пилат су алдырып, жұрт алдында қолын жуып тұрып:— Мына (әділ) Адамның төгілетін қанына мен кінәлі емеспін. Бұл — сендердің істерің! — деді.
Выбор основного перевода