Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан ол діни қызметкер Хелкияға, Шафан ұлы Ахиқамға, Миқая ұлы Ахборға, хатшысы Шафанға және бас уәзірі Асаяхқа былай деп әмір етті: «Менің атымнан, халықтың және бүкіл Яһуда елінің атынан барып, табылған кітапта жазылған сөздер жөнінде Жаратқан Иенің еркін сұрап біліп келіңдер! Аталарымыз осы кітаптың сөздерін орындамады, онда тапсырылғандардың бәрін істемеді. Сондықтан да Жаратқан Иенің лаулаған қаһары бізге қарсы лап етуде!» Сонда діни қызметкер Хелкия және Ахиқам, Ахбор, Шафан, Асаях барлығы Олдама пайғамбарға барды. Олдама киім қоймасының басқарушысы Шаллумның әйелі еді. Шаллум Тоқаттың ұлы, Хасраның немересі болды. Пайғамбар Иерусалимнің екінші ауданында тұрып жатты. Жіберілгендер Олдаманың алдына келіп, оған патшаның айтқандарын жеткізді. Бабыл патшасы Набуходоносор Ғодалияхты Яһуданың әкімі етіп тағайындап, Бабылға әкетілмеген халықты оның қарауына тапсырды. Ғодалиях Ахиқамның ұлы, Шафанның немересі еді. Қайта, қасарысып өз жүректерінің қалауымен жүріп, әкелерінен үлгі-өнеге алып, жалған тәңір Бағалдың мүсіндеріне табынып кетті.
Выбор основного перевода