Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ егер Мені тыңдамай, осы өсиеттердің барлығын орындамасаңдар Алайда егер сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ аспай, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған Оның өсиеттері мен ережелерін сақтап орындамасаңдар, онда төмендегі барлық қарғыстарға ұшырайсыңдар: Бірақ егер айтқанымды орындамасаңдар, демалыс күнін Маған бағыштамасаңдар, әрі сол күндері Иерусалимнің қақпаларынан жүк алып кіретін болсаңдар, онда Мен Иерусалимнің қақпаларына ешқашан өшпейтін от қоямын! Содан оның сарайлары да өртеніп кетеді. Олар елге кіріп, оны иемденіп алса да, Саған мойынсұнған да жоқ, Сенің Таурат заңыңа сай өмір сүрген де жоқ. Олар ондағы өсиеттеріңнің ешқайсысын (шын жүректен) орындамады. Сондықтан да осы пәлелердің бәрін олардың басына түсірдің. Күні бүгінге дейін осы халық күнәларына өкініп, Мені терең қастерлеген жоқ! Мен өздеріне және ата-бабаларына тапсырған Таурат заңыма әрі ережелеріме олар бағынған жоқ. Сендер бөгде тәңірлерге хош иісті заттар түтетіп ұсынып Жаратқан Иеге қарсы күнә жасадыңдар. Оның даусына құлақ аспадыңдар, Оның Таурат заңына, ережелері мен бұйрықтарына бағынған жоқсыңдар. Мына апаттардың бастарыңа келуі де дәл сол себептен.
Выбор основного перевода