Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал енді, жиналып беліңді буып, өзіңе тапсырғандарымның бәрін оларға жеткіз! Олардан қорықпа, әйтпесе Мен өзіңді олардың алдында қорқытамын. Біліп қой: бүгін Мен сені бекіністі қала іспетті еттім. Сен темір бағанадай, қола қабырғадай берік боласың. Енді осы жердегілердің бәріне: Яһуда елінің патшалары мен әміршілеріне, діни қызметкерлері мен халқына қаймықпай қарсы тұра аласың. Енді орманнан шыға келген арыстан оларға бас салып, құла түзде жүрген қасқыр оларды жалмайды. Қалаларының маңында қабылан торуылдап, сыртқа шыққан кез келген адамды жарып тастауға дайын. Себебі олар әбден бас көтеріп, сансыз рет Жаратқан Иеге опасыздық жасап келеді. Мен оларды сүріндіремін. Олар (асыға қашып) бір-бірімен соқтығысып құлап, өзара: «Тұр, зорлықшыл жаудың семсерінен қашып құтылайық! Әрқайсымыз өз халқымызға, өз туған елімізге қайтайық!» — дейтін болады.
Выбор основного перевода