Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда діни қызметкерлер мен (жалған) пайғамбарлар төрешілерге және бүкіл халыққа шағымданып:— Бұл кісінің біздің қаламыз туралы жамандық болжап, сатқындық жасап тұрғанын өз құлақтарыңызбен естідіңіздер. Сол үшін оған өлім үкімін шығару керек! — деді. Алайда араларындағы Гамалиел есімді бір парызшыл адам орнынан тұрды. Ол бүкіл халық сыйлаған заң мұғалімі болатын. Гамалиел елшілерді біраз уақытқа ғимараттан шығаруға бұйырып, сөз сөйлей бастады:— Қадірлі исраилдіктер, елдестерім! Мына кісілерге не істегілерің келетінін жақсылап ойланыңыздаршы! Өздеріңіз білетіндей, біраз жыл бұрын Теуда ел алдына шығып, өзін ұлы көсеммін деп жариялап, оған төрт жүзге жуық адам қосылды. Бірақ ол өлтіріліп, оған ергендер шашырап, жоқ болып кетті. Одан кейін халық санағы кезінде ғалилеялық Яһуда ел алдына шығып, соңынан көп халықты ертіп, көтеріліске шығарды. Оның да көзі құртылып, оған ергендер қуылып, тарап кетті. Ал енді сіздерге айтатыным мынау: бұл кісілерге тимеңіздер, босатып жіберіңіздер. Себебі егер бұл әрекет адам бастаған іс болса, ол өзінен-өзі құриды, бірақ Құдайдан болса, оны құрта алмайсыздар, тіпті Құдайға қарсы күресетін боласыздар.Гамалиелдің сөзі қошталды. Жиналыс айқай-шуға ұласты. Парызшылдардың кейбір дін мұғалімдері орындарынан тұрып:— Бұл кісіден ешқандай жамандық таппай тұрмыз. Оған бір рух немесе періште аян берген болса (біз Құдайға қарсы шықпаймыз)! — деп қызулана айтысты. Сонда аңғарғаным, олар мұны өз заңдары туралы даулы мәселелерге бола айыптайды екен. Бірақ оған өлім жазасына кесетіндей немесе түрмеге жабатындай ешбір кінә таққан жоқ. Ал мен оның өлім жазасына кесер қылмысы жоқ деп таптым. Бірақ өзі римдік патшаның сотын талап еткендіктен, оны соған жөнелтпек болып шештім. Олар шығып бара жатқанда, бір-біріне:— Мына кісі не өлімге кесер, не түрмеге жабар қылмыс жасаған жоқ, — десті.
Выбор основного перевода