Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Асафтың жыры.)Уа, Құдай, Өзіңе бағынбаған ұлттарСенің меншікті еліңді басып, оларСенің киелі үйіңді арамдады,Иерусалимді қиратып, талқандады. Яһуда еліне Жотам, Ахаз және Езекияның патшалық құрған замандарында Жаратқан Ие морешеттік Михаға сөзін арнады. Көрген аяндарында Михаға ашылған хабарлар Самария мен Иерусалим туралы болды. «Сондықтан сендердің кесірлеріңнен Сион тауы егістіктей соқамен жыртылады! Иерусалим тас үйіндіге айналады! Қазір ғибадатхана тұрған қырат ну орманды төбеге айналады!» Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Мен Сионға қайта оралып, Иерусалимде тұратын боламын. Сонда Иерусалим «Ақиқат қаласы», әрі Әлемнің Иесінің киелі үйі орналасқан Сион тауы «Оған бағышталған қасиетті тау» деп аталмақ.
Выбор основного перевода