Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сөйлеген сайын мен: «Озбырлық пен апат болады!» деп айқай саламын. Жаратқан Иенің осы хабарын жеткізгенім үшін жұрт мені күні бойы келекелеп қорлап жүр. Ал «Бұдан былай Оның хабарын есіме алып, Оның атынан сөйлемеймін» десем, онда Жаратқан Иенің сөзі жүрегімде жанып жатқан от сияқты, сүйегімнің ішіне қамалған шоқ іспетті болады. Оны ішімде ұстаудан қатты шаршадым, тіпті ұстай алмаймын да. Естігенде жүрегім дүрсілдей соқты,Зор гүрілден еріндерім қалтырады,Сүйектерім әлсіреп, күштен айырылды,Аяқ астым қалш-қалш етіп шайқалды.Ал бізді тонап, талан-таражға салғанЕлдің өзі апатқа ұшырап жатқанКүнді шыдамдылықпен тосатын болам.
Выбор основного перевода