Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса Исраилдің қауымына тағы былай деді: «Осы істердің барлығын өз ойыма сай емес, Жаратқан Иенің маған тапсыруымен істегеніме мынау арқылы көздерің жететін болады: — Бұны түсінуге кімнің даналығы жетеді? Жаратқан Ие оған соны түсіндіріп, енді бізге де ұғындыра алатын адам кім? Ел неге құрып, ешкім жүрмейтін шөл даладай күнге күйіп, қаңырап бос қалған? Әй, әйелдер, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! Құлақтарыңды Оның айтатын сөздеріне түріңдер. Қыздарыңа жылап-сықтауды, ал бір-біріңе жоқтау жырларын айтуды үйретіңдер! Жаратқан Ие маған былай деп жауап берді:— Сол пайғамбарлар Менің атымнан сөйлегенсіп жалған айтып жүр. Мен оларды жіберген де жоқпын, сондай бұйрық берген де жоқпын! Оларға тіл қатқан да емеспін. Олар сендерге жалған аяндар мен болжамдарды білдіріп, түкке тұрғысыз түстері мен өздері ойлап шығарған әңгімелерін айтып жүр. Сондықтан сендерге «Бабыл патшасына бағынып қызмет етпейсіңдер!» деп болжайтын өз пайғамбарларыңа, бал ашушы, түс көруші не аруақ шақырушы сәуегейлерің мен сиқыршыларыңа сенбеңдер! Өйткені олар сендерге жалған пайғамбарлық сөз айтып, өз елдеріңнен алыс жаққа айдалып кетулеріңе түрткі болады. Сонда Мен сендерді елдеріңнен аластатып, басқа жаққа қуып, сендер сол жерде құрып кетесіңдер.
Выбор основного перевода