Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аузынан шыққандар: қарғыс, өтірік, жалғандық,Айтқандары түгелдей зорлық пен зұлымдық. Елдің қирағанына бола жер жоқтап аза тұтып, аспан түнеретін болады. Өйткені Мен осындай шешім қабылдап, соны білдіріп тұрмын. Мен райымнан қайтпаймын, шешімімді сөзсіз орындаймын!» «Мен сендерді қалай кешіре аламын? Балаларың Менен бас тартып, ешқандай да құдай емес тәңірсымақтардың атымен ант ететін болды. Мен оларды асырап жүрсем де, олар азғындыққа салынып, жеңіл жүрісті әйелдердің үйлеріне топырлап барады. Олар күйттеген, тойынған айғыр сияқты, бір-бірінің әйеліне кісіней қарайды. Иен даланың шалғай бір түкпірінде жол жүрушілер қонақтайтын жерім болса ғой, шіркін! Сонда мен халқымды тастап, олардан безіп кетер едім! Себебі олардың бәрі азғындыққа салынған опасыз жамағат! — Дегенмен тау-төбелер үшін жылап-сықтап, елсіз даладағы жайылымдар үшін жоқтау айтамын. Олар күнге күйіп қаңырап бос жатыр, олармен ешкім жүрмейді, малдың үні де естілмейді. Құс пен аң да олардан безіп кеткен. Бұл ел қашанға дейін мұңайып, даладағы шөп қашанға дейін солып қалмақ? Ел тұрғындарының жасаған зұлым істеріне бола (Сен жаңбыр жауғызбай) мал мен құс атаулы құрып кетті. Ал сол адамдар: «Істеріміздің соңын Жаратқан Ие көрмейді!» дейді. Ал сен жан-тәніңмен арам пайдаға құнығып, жазықсыз қан төгіп, басқаға зорлық-зомбылық жасауды ынтыға көздейсің. Сендер қарғанып ант бергенмен алдайсыңдар, әрі кісі өлтіріп, ұрлап неке адалдығын бұзасыңдар. Халық адамгершіліктің шегінен асып кеткен, қан төгу қан төгумен ұдайы ұласқан. Сол себепті бүкіл елді қайғы басып, барлық тұрғындары әлсіреп қалды. Тіпті даладағы аң, құс, балық атаулы да қырылып жатыр».
Выбор основного перевода