Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие маған былай деп жауап берді:— Сол пайғамбарлар Менің атымнан сөйлегенсіп жалған айтып жүр. Мен оларды жіберген де жоқпын, сондай бұйрық берген де жоқпын! Оларға тіл қатқан да емеспін. Олар сендерге жалған аяндар мен болжамдарды білдіріп, түкке тұрғысыз түстері мен өздері ойлап шығарған әңгімелерін айтып жүр. Менің атымнан өтірік хабар жеткізетін пайғамбарлардың не айтатынын да естідім. Олар: «Мен мынадай түс көрдім!» «Ал мен анадай түс көрдім!» — деседі. Түс көрген пайғамбар түсін айтсын. Ал Менің хабарымды қабылдағандар оны ақиқатпен жеткізсін. Сабан мен бидайдың арасындағы зор айырмашылық іспетті олардың бос сөздері мен ақиқаттың арасындағы айырмашылық та жер мен көктей. Егер бір пайғамбар оларға бәрібір пайғамбарлық сөз айтуға көндірілсе, онда бұл Менің оны еліктіргенімнен болады. Мен ондай пайғамбарға қарсы қолымды созып, оны халқым Исраилдің арасынан жоямын. Қаланың пайғамбарлары менмен де сатқын жандар. Діни қызметкерлері киелі орынды арамдап, Таурат заңын бұзып аяққа басады.
Выбор основного перевода