Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кішігінен ұлығына дейінгі бәрі де пайдақұмар. Тіпті пайғамбарлары мен діни қызметкерлері де арамзалық жасайды. Солай етсеңдер ғана Мен ата-бабаларыңа уәде етіп мәңгілікке тапсырған осы елде сендерді ұдайы мекендетемін! Ал содан кейін Менің есіміммен аталған киелі үйге барып, алдыма келіп: «Біз қауіптен аманбыз!» деп сенесіңдер. Сөйте тұра, осы жексұрын қылықтарыңды қайтадан істеп жүре бермексіңдер ме? — Яһуда халқы Маған жек көрінішті іс-әрекеттер істеп келеді, — дейді Жаратқан Ие. — Олар Менің есіміммен аталған киелі үйде өздерінің жалған тәңірлерінің мүсіндерін орнатып алып, оны арамдады, Сондықтан Мен олардың әйелдерін бөтен адамдарға, егістіктерін өзге біреулердің қолына беремін. Кішігінен ұлығына дейінгі бәрі де пайдақұмар. Тіпті пайғамбарлары мен діни қызметкерлері де арамзалық жасайды. Яһудалықтар тіпті өздерінің жиренішті тәңір мүсіндерін Менің есіміммен аталған киелі үйіме орнатып қойып, оны арамдады. Олар өз ұлдарын жалған тәңірлеріне арнап құрбан қылған күні-ақ Менің киелі үйіме келіп, оны арамдады. Біліп қой, олар Менің киелі үйімде осылай істеген! Қаланың пайғамбарлары менмен де сатқын жандар. Діни қызметкерлері киелі орынды арамдап, Таурат заңын бұзып аяққа басады.
Выбор основного перевода