Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан Әлемнің Әміршісі Құдай Ие маған былай деді: «Мына халықтың осындай сөздерді айтқандары үшін Мен сенің аузыңдағы сөздерімді от, ал халықты отын қыламын. Олар бұл оттан тұтанып лапылдап жанатын болады!» Ал «Бұдан былай Оның хабарын есіме алып, Оның атынан сөйлемеймін» десем, онда Жаратқан Иенің сөзі жүрегімде жанып жатқан от сияқты, сүйегімнің ішіне қамалған шоқ іспетті болады. Оны ішімде ұстаудан қатты шаршадым, тіпті ұстай алмаймын да. Олар біріне-бірі: «Ол жолшыбай бірге келе жатып, бізге Киелі жазбалардың мәнін ашып бергенде, жүректеріміз жалындап кеткен жоқ па еді?» — десті. қолданып жүрген қаруларымыз осы дүниелік емес, оларда Құдайдың құдіреті бар. Солармен жау бекіністерін талқандаймыз; оның дәлелдемелерінің қате екенін әшкерелеп, адамдардың Құдайды тануларына бөгет болатын тәкаппарлық атаулыны құртып, күллі ой-пікірлерін Мәсіхке бағындырамыз. Себебі Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір! Құдайдың сөзі бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткен іспетті, жүрегіміздің түкпіріндегі ой-ниетімізді де әшкерелеп, бағалайды. Жетінші періште кернейін тартқанда, көктен: «Әлемді басқару билігі Жаратқан Иеміздікі және Оның тағайындаған Патшасы Мәсіхтікі! Ол мәңгілік билік жүргізетін болады!» — деген қатты дауыстар шықты.
Выбор основного перевода