Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда Құдай шынымен-ақ жер бетінде тұратын бола ма?! Тіпті ұлан-ғайыр көктің өзі Сені сыйғыза алмағанда, мен салған мына үй қайдан сыйғызсын?! Тәңір әрқашан да пенденің істеріне назар аударады. Оның басқан әрбір қадамын Ол көріп отырады. Сенің Рухыңнан мен қайда қашпақпын?Көз алдыңнан қайда жасырынбақпын? Көкке көтерілсем, сол орындасың,Тұңғиыққа түссем де, Сен сондасың. Таң шапағына қалықтап ұшсам да,Не теңіздің ар жағына қонсам да, Сол жерде де мені қолың жетелеп,Құдіретті қолың ұстайды демеп. Мен: «Қараңғылық мені тасаласын,Айналамдағы жарық түнекке айналсын!» Десем де, түнек жасырмайды Сенен,Саған күндей нұрлы — түннің өзі де,Жарықтай айқын — түнек те көзіңе! Ой-ниеттерін Жаратқан Иеден жасыруға тырысқандар қасіретке қалады! Олар іс-әрекеттерін түнекте істеп: «Бізді кім көреді? Істеп жатқанымызды қайдан біледі?» деп ойлайды. Жаратқан Ие мынаны айтады: «Аспан Менің тағым, ал жер табан тіренішім сияқты. Сонда сендер Маған қандай үй салып бермексіңдер? Яки тынығып демалатын орным қай жер болмақ?! Олар тіпті жер астына түсіп, көміліп қалса да, Мен оларды қолыма түсірер едім. Аспанға шығып кетсе де, оларды төменге түсіремін. Олар Қармил тауының төбесіне тығылып қалса да, сол жерден де тауып, ұстап алар едім! Менен теңіздің түбіне барып жасырынса, Мен улы жыланға оларды шағуға бұйырар едім.
Выбор основного перевода