Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Менің сенімен және келешек ұрпағыңмен бекіткен осы Келісімімнің ережелерін жүзеге асырып, еркек кіндіктің бәрін де сүндеттеңдер! Сүндет рәсімін орындауларың Менің сендермен жасаған Келісімімнің белгісі болады. Болашақ ұрпақтарыңның әрбір жаңа туған ер баласы туғанына сегіз күн толысымен сүндеттелсін. Бұған әулеттеріңе жатпайтын ер адамдар да кіреді, үйлеріңде дүниеге келген құл-қызметшілерің болсын, не сатып алынғандары болсын, бәрі де сүндеттелуге тиіс. Сонымен үйде туды ма, жоқ әлде құл ретінде сатып алынды ма, барлық еркек атаулы міндетті түрде сүндеттелсін. Менің Келісімімнің сырт белгісі сендердің тәндеріңде мәңгі қалуға тиіс. Әрбір сүндеттелмеген еркек кіндіктіні өз халқынан аластату керек, өйткені ол Менің Келісімімді бұзды. Сара жүкті болып, Ыбырайымға қартайған шағында ұл туып берді. Бұл Құдай алдын ала белгілеген мезгілде болды. Ыбырайым Сара тапқан ұлдың атын Ысқақ («Күледі») деп қойды. Өзіне Құдай бұйырғандай, оны сегіз күн өткен соң сүндеттеді. Одан соң оның сыңары көрінді, ол бір қолымен Есауды өкшесінен ұстап алыпты. Оны Жақып (яғни «Өкшеден ұстаушы, Алдамшы») деп атады. Егіз ұлды болғанда, Ысқақ алпыста еді. Жаратқан Ие Жақыптың Лияны ұнатпайтынын көрген соң, оған балалы болу қабілетін сыйлады. Ал Рахила бедеу болатын. Сонымен Лия жүкті болып, ұл туды. Ол: «Шеккен жәбіріме Жаратқан Ие қарады. Енді күйеуім мені жақсы көретін болады», — деп, баласына Рубен («Қара, бір ұл!») деген ат қойды. Кейін Лия тағы да ұл тапқанда: «Жаратқан Ие менің (күйеуіме) ұнамсыз екенімді естіп, маған мына ұлды да сыйлады», — деп, оған Шимон (яғни «Естіп тұрған») деген есім берді. Тағы бір ұл туған соң Лия: «Енді күйеуім маған берік қосылатын болды, себебі мен оған үш ұл туып бердім», — деді. Сондықтан бала Леуі («Берік қосылған») деп аталды. Мұнан соң да Лия құрсақ көтеріп, ұл тапқанда: «Енді Жаратқан Иені мадақтай беремін», — деп, ұлын Яһуда («Мадақтау») деп атады. Содан кейінгі жылдары ол бала көтермеді. Рахила өзі Жақыпқа бала туып бермегендіктен әпкесіне қызғана қарап, күйеуіне:— Маған бала берші, әйтпесе өлемін! — деді. Жақып оған:— Саған бала тууды бұйыртпаған Құдай мен емеспін ғой! — деп қатты ашуланды. Ал Рахила:— Мынау күңім Балха, сонымен жақындас. Ол мен үшін бала туып берсін, соның арқасында мен де балалы болайын, — деп, Балханы Жақыпқа қосты. Онымен бірге болған соң, күңнің аяғы ауырлап, ұл туды. Сонда Рахила: «Құдай құқығымды қорғап, төрелік етті. Ол өтінішіме құлақ асып, маған ұл сыйлады», — деді де, баланы Дан («Төреші») деп атады. Бұдан кейін Рахиланың күңі Жақыпқа тағы бір ұлды туып берді. Сонда Рахила: «Мен әпкеммен жүргізген зор тартысымда оны жеңіп шығудамын», — деп, оған Нафталим («Тартысым») деген есім берді. Лия өзінің тумай қалғанын көрген соң, күңі Зилпаны Жақыпқа қосты. Зилпа да Жақыпқа ұл туып берді. Сонда Лия: «Бұл не деген бақыт!» — деді де, оны Ғад («Бақыт») деп атады. Кейін Лияның күңі Зилпа Жақыпқа екінші ұлын туды. Сонда Лия: «Мен қандай қуанышқа кенелдім! Барлық әйелдер мені қуанышты деп атайтын болады», — деп, балаға Ашир («Қуанышты») деген ат қойды. Рубен егін орағы кезінде даладан махаббат алмасы деген жемістер тауып алып, шешесі Лияға алып келді. Сонда Рахила Лиядан:— Ұлыңның махаббат алмасынан берші, — деп сұрады. Ал Лия: — Сен күйеуімді тартып алғаның аз болғандай, енді баламның махаббат алмаларын да алғың келе ме? — деп бермей қойды. Ал Рахила:— Егер маған ұлыңның әкелген жемістерін берсең, онда Жақып бүгін түнде сенімен болсын, — деді. Жақып кешке даладан келгенде, Лия оның алдынан шығып: «Бүгін түнде менімен бірге болсаңыз екен. Соны ұлымның әкелген махаббат алмаларына сатып алдым», — деді. Содан ол түнді Лиямен өткізді. Құдай Лияның тілегін қабылдап, ол екіқабат болып, Жақыпқа бесінші ұлды туды. Сонда Лия: «Мен күңімді күйеуіме бергенім үшін Құдай маған есесін қайтарып, осы баламды сыйлады», — деп, ұлын Исашар (яғни «Есе») деп атады. Кейінірек Лия тағы да бала көтеріп, Жақыпқа алтыншы ұлын туып берді. Сонда ол: «Құдай маған құнды сыйлық тартты. Енді күйеуім мені сыйлап, бірге қалатын болады, өйткені оған алты ұл тауып бердім», — деп, оның есімін Забулон («Сый») деп қойды. Мұнан соң Лия бір қыз туып, оны Дина («Төрелік») деп атады. Ақырында Құдай Рахиланы мейірімділікпен есіне түсіріп, тілегіне құлақ асып, оған да ана болу бақытын сыйлады.
Выбор основного перевода