Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда Жаратқан Ие Жүсіпке жар болып, оған шапағатын төгіп, түрме бастығының мейіріміне кезіктірді. Бұл ұсыныс перғауынға да, оның барлық уәзірлеріне де ұнап қалды. Перғауын оларға: «Біз Құдай Рухына кенелген тап осы адамдай біреуді таба аламыз ба?» — деп, Жүсіпке қарап: «Мұның бәрін саған Құдай білдіріп тұр екен! Өзің сияқты ақылгөй, дана ешкім де жоқ. Бұдан былай менің сарайымды қарамағыңа аласың, бүкіл халқым сенің айтқаныңмен жүруге тиіс. Мен патшалық тағыма байланысты ғана сенен жоғары боламын. Міне, мен сені бүкіл Мысыр елінің әміршісі етіп тағайындаймын», — деген шешімін айтты. Ал Жүсіп Мысырдың әміршісі болып, бүкіл халыққа астық сатуды басқаратын. Сондықтан ағалары оның алдына келіп, жерге дейін иіліп тағзым етті. Тіпті өз сарайының басқарушысы қылды,Жүсіпке бар иелігін басқартып қойды,
Выбор основного перевода