Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдің үрім-бұтағы Рефідимнен жолға шығып, Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінің өзінде Синай атты елсіз далаға жетті. Олар Синай тауына барып, оның қарсы алдындағы құла түзде шатырларын тікті. Исраилдің үрім-бұтағы Рефідимнен жолға шығып, Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінің өзінде Синай атты елсіз далаға жетті. Олар Синай тауына барып, оның қарсы алдындағы құла түзде шатырларын тікті. Сонда Мұса Құдайдың алдына баруға тауға көтерілді. Жаратқан Ие оған тау басынан былай деп тіл қатты:— Жақыптың әулеті — Исраил халқына мынаны жеткіз: «Сендер Менің мысырлықтарға не істегенімді, әрі өздеріңді балапандарын қанаттарымен тасыған қыран іспетті осы жерге аман-есен алып келгенімді көрдіңдер. Сондықтан, егер айтқандарыма құлақ асып, Менің Келісімімді сақтап жүрсеңдер, барлық халықтардың ішінде сендер Менің ерекше құнды меншігім боласыңдар. Бүкіл жер — Менің иелігім, ал сендер Маған бағышталған қасиетті халқым болып, басқалардың игілігі үшін діни қызметкер мен патша секілді рухани билік жүргізетін боласыңдар». Сен Исраилдің үрім-бұтағына айтуға тиіс сөздерім осылар. Мұса оларды Құдаймен кездестіру үшін қоныстарынан алып шығып, олар таудың етегіне барып тұрды. Сол кезде Құдай (халыққа арнап) мына сөздердің бәрін айтты: «Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін. Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын! Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама! Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін. Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды. Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол! Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі. Ата-анаңды сыйла!Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе. Кісі өлтірме! Неке адалдығын бұзба! Ұрлық жасама! Ешкімді бекерге айыптама! Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба!Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!» Жаратқан Ие таудағы оттың ішінен сендермен бетпе-бет тілдесті. Мен сол кезде Жаратқан Ие мен сендердің екі араларыңда тұрып Оның сөздерін сендерге жеткізетінмін. Өйткені сендер оттан қорқып, тау басына көтерілмей қойған едіңдер. Сонда Жаратқан Ие былай деген еді: «Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін. Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын! Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама! Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін. Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!Өз атын орынсыз қолданғандарды Жаратқан Ие жазасыз қалдырмайды. Құдай Иең саған өсиеттегендей, демалыс күнін Оған бағыштауды сақтайтын бол! Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не өгізің, не есегің, не басқа да малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Осылайша өзің сияқты қызметшілерің де демалсын. Сенің де Мысырда құл болғаныңды, Құдайың Жаратқан Иенің сені Өзінің алға созылған құдіретті қолымен сол елден алып шыққанын есіңнен шығарма! Сондықтан да Құдай Иең саған демалыс күнін сақтауды бұйырды. Құдай Иең саған өсиеттегендей, ата-анаңды сыйла!Сонда Құдай Иең өзіңе табыстайтын елде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың. Кісі өлтірме! Неке адалдығын бұзба! Ұрлық жасама! Ешкімді бекерге айыптама! Басқаның әйеліне, оның үйіне не жеріне, құл-күңіне, өгіз-есегіне не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!» Осы сөздерді Жаратқан Ие оттың және бұлт пен қою қараңғылықтың ішінен таудың етегінде жиналып тұрған сендерге зор дауыспен айтып берді. Оларға басқа еш нәрсе қосқан жоқ. Сол өсиеттерін Ол екі тас тақташаға жазып, маған тапсырды. Олар азап шеккен кездің бәріндеЖаратқан Ие бірге азап шекті,Өзінің қасындағы періштесіТаңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді.Құдайымыз сүйіспеншілігіменЖәне мол қайырымдылығыменХалқын құтқарып алып, бүкіл өткенЗаманда Қамқоршысы болып келген. Әрине, яһудилердің қай жағынан болса да артықшылықтары бар. Ең алдымен, Құдайдың сөзі ата-бабаларымызға сеніп тапсырылды. (Мәсіхтің тура жолына түскеннен бергі) кездеріңді ескерсек, өзгелерге тәлім берулерің орынды болар еді. Керісінше, сендер әлі де Құдайдың хабарындағы ең бастапқы қарапайым тәлімді басқа біреуден үйренуге мұқтажсыңдар. Өздеріңе «қатты тағамның» орнына әлі де жай «сүт» керек! уағыз айтатындарың Құдай сөзін уағыздай беріңдер; қызмет көрсететіндерің Тәңір Иенің өздеріңе берген күш-қуатымен қызмет ете беріңдер! Осылайша барлық істе де Құдай Иса Мәсіх арқылы мадақталсын. Ұлылық, даңқ және билік мәңгі Онікі! Аумин.
Выбор основного перевода