Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қазір өзің жат жұрттық ретінде тұрып жатқан бүкіл Қанахан елін саған және келер ұрпақтарыңа мәңгі иеленуге беремін. Мен ұрпақтарыңның да Құдайы боламын. Сонда ол маған мынадай сөздер айтты: «Мен сені ұрпақты етіп көбейтемін, топ-топ руларға айналдырамын. Осы елді сенің ұрпақтарыңның тұрақты меншігіне беремін». «Моаб еліндегі Абарим қыратына, Иерихонның қарсысындағы Небо тауына көтеріл де, Мен исраилдіктерге меншікке бергелі тұрған Қанахан еліне көз жіберіп қара. Сонымен халық қостарын жинады. Олар Иордан өзенінің арғы жағына өтейін деп жатқанда, Келісім сандығын көтерген діни қызметкерлер халықтың алдында жүрді. Бұл (көктемдегі) егін ору науқаны болып, Иордан өзені арнасынан шығып тасып жатқан мерзім еді. Ал Келісім сандығын көтеріп жүрген діни қызметкерлер Иорданның жағасына жетіп, суға аяқтарын малған кезде, жоғарғы жақтан ағып келе жатқан су бөгеліп, алыста, Сартанның маңайындағы Адам қаласының жанында, бір жерге үйілгендей жиылып тұра қалды. Содан өзеннің төменгі алқаптағы Өлі теңізге қарай ағып жатқан суы сарқылып қалды. Осылайша халық Иерихонның қарама-қарсы тұсынан Иордан өзенінен өте шықты. Бүкіл Исраил халқы өзеннің құрғап қалған арнасымен арғы жаққа өтіп болғанша, Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп жүрген діни қызметкерлер Иордан өзенінің ортасындағы құрғақ жерде қозғалмастан тұра берді. Бұлардан кейін исраилдіктердің бүкіл жамағаты Шилода жиналып, киелі кездесу шатырын тікті. Қанахан елі олардың билігіне өткенімен, Себебі Жаратқан Ие үлкен де күшті халықтарды алдарыңнан қуып шығарды, солардың ешқайсысы осы күнге дейін сендерге қарсы тұрып, жеңіп шыға алмады. Жаратқан Ие осы елде тұрып жатқан аморлықтар мен басқа да барлық халықтарды алдымыздан қуып шықты. Ол — біздің Құдайымыз, сондықтан біз де Жаратқан Иеге қызмет етеміз. — Сол тұста патша Натан пайғамбарға:— Міне, мен самырсыннан салынған сарайда тұрып жатырмын, ал Құдайдың сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді. Натан:— Ойыңыздағыны түгелдей жүзеге асырыңыз, себебі Жаратқан Ие сізге жар болады, — деп жауап берді. Бірақ сол түні Жаратқан Ие Натанға сөзін арнап былай деді: «Қызметшім Дәуітке барып, оған хабарымды жеткіз: Жаратқан Ие мынаны айтады: Жер бетіндегі тұрағым болу үшін сен Маған арнап үй салмақсың ба? Мен Исраил халқын Мысырдан бастап алып шыққан кезден бері осы күнге дейін мықты салынған үйде тұрмай-ақ келе жатырмын ғой. Бүкіл Исраил халқымен бірге бір мекеннен екіншісіне көшіп-қонып жүргенімде араларында бір шатырда, яғни кездесу шатырында, тұрып келемін. Сонда Мен халқым Исраилді басқаруға тағайындаған рубасыларына ешқашан: «Неге Маған арнап самырсыннан киелі үй салғызбадыңдар?!» деп шағымданған емеспін. Мен Исраил халқын Мысырдан бастап алып шыққан кезден бері осы күнге дейін мықты салынған үйде тұрмай-ақ келе жатырмын ғой. Бүкіл Исраил халқымен бірге бір мекеннен екіншісіне көшіп-қонып жүргенімде араларында бір шатырда, яғни кездесу шатырында, тұрып келемін. Сонда Мен халқым Исраилді басқаруға тағайындаған рубасыларына ешқашан: «Неге Маған арнап самырсыннан киелі үй салғызбадыңдар?!» деп шағымданған емеспін. Ал енді, қызметшім Дәуітке былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Сені қой бағып жүрген жайылымнан таңдап алып, халқым Исраилдің басшысы болуға тағайындаған Менмін! Қайда барсаң да, саған жар болып, өзіңе қарсы шыққан күллі жауларыңды құртып жүрдім. Сенің атыңды шығарып, жер бетіндегі ең ұлы адамдар іспетті даңқты қыламын. Мен өз халқым Исраил үшін тұрақты орын дайындап, оларды сол жерге қоныстандырамын. Осы мекендерінде халқым тыныш өмір сүріп, бұдан былай ешкім оларды қорқытып, мазаламайтын болады. Зұлымдар оларға бұрынғыдай зорлық-зомбылық жасамайды. Мен халқымды басқаратын билер тағайындаған заманнан бері де жауыздар солай істеулерін жалғастырып келеді. Ал енді Мен саған барлық жауларыңнан тыныштық сыйлаймын.Жаратқан Ие саған тағы мынаны да айтады: Оның Өзі сенің шаңырағыңды бекітіп, әулетіңе де патшалық билік құрғызбақ! Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңның қасына жөнелгеніңде Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын. Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын. Мен оған Әке боламын, ал ол Менің рухани ұлым болады. Егер ол жамандық істесе, оны басқа адамдар арқылы, олардың таяқтары арқылы жазалаймын. Мен өзіңнен бұрынғы Саулдан оған деген рақымымды алып қойдым, бірақ сенің ұлыңнан рақымымды ешқашан алмаймын. Сенің үйің мен патшалығың Менің көз алдымда мәңгілікке нығаяды, ұрпақтарыңның патшалық тағы дәйім тұрақты болмақ». Сонымен Дәуіт сарайына орнығып алғаннан кейін Натан пайғамбарға:— Мен самырсыннан салынған сарайда тұрып жатырмын, ал Жаратқан Иенің Келісім сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді. Натан:— Ойыңыздағыны түгелдей жүзеге асырыңыз, себебі Құдай сізге жар болады, — деп жауап берді. Бірақ сол түні Құдай Натанға сөзін арнап былай деді: — Қызметшім Дәуітке барып, оған хабарымды жеткіз: Жаратқан Ие мынаны айтады: Жер бетіндегі тұрағым болу үшін Маған арнап үй салатын адам сен емессің. Мен Исраил халқын Мысырдан бастап алып шыққан кезден бері осы күнге дейін мықты салынған үйде тұрмай-ақ келе жатырмын ғой. Бүкіл Исраил халқымен бірге бір мекеннен екіншісіне көшіп-қонып жүргенімде араларында бір шатырда, яғни кездесу шатырында, тұрып келемін. Сонда Мен халқым Исраилді басқаруға тағайындаған билерге ешқашан: «Неге Маған арнап самырсыннан киелі үй салғызбадыңдар?!» деп шағымданған емеспін. Ал енді, қызметшім Дәуітке былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Сені қой бағып жүрген жайылымнан алып, халқым Исраилдің басшысы болуға тағайындаған Менмін! Қайда барсаң да, саған жар болып, өзіңе қарсы шыққан күллі жауларыңды құртып жүрдім. Сенің атыңды шығарып, жер бетіндегі ең ұлы адамдар іспетті даңқты қыламын. Мен өз халқым Исраил үшін тұрақты орын дайындап, оларды сол жерге қоныстандырамын. Осы мекендерінде халқым тыныш өмір сүріп, бұдан былай ешкім оларды қорқытып, мазаламайтын болады. Зұлымдар оларға бұрынғыдай зорлық-зомбылық жасамайды. Мен халқымды басқаратын билер тағайындаған заманнан бері де жауыздар солай істеулерін жалғастырып келеді. Ал енді Мен барлық жауларыңды саған бағындырамын.Жаратқан Ие саған тағы мынаны да айтады: Мен Өзім сенің шаңырағыңды бекітіп, әулетіңе де патшалық билік құрғызбақпын! Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңа аттанғаныңда, Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын. Маған арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын. Мен оған Әке боламын, ал ол Менің рухани ұлым болады. Мен өзіңнен бұрынғы Саулдан оған деген рақымымды алып қойдым, бірақ сенің ұлыңнан рақымымды ешқашан алмаймын. Мен оны өз үйім мен патшалығымда берік орнатамын, оның ұрпақтарының патшалық тағы дәйім тұрақты болмақ. Марқұм әкемнің жүрегінде Исраилдің Құдай Иесінің құрметіне киелі үй салу ниеті бар болатын. Ал Жаратқан Ие оған: «Менің құрметіме киелі үй салғың келгені өте дұрыс. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Уа, Жаратқан Ие, есіңе түсіршіҚиындық молынан көрген Дәуітті. Ол Жаратқан Иеге уәде етті,Жақыптың сиынатын құдіреттіҚұдайына былай деп ант берді: «Мен кірмеймін үйімнің ішіне,Әрі жатпаймын төсегіме, Ұйқы бермеймін көздеріме,Мүлгітпеймін кірпіктерімді, Жақыптың сиынатын құдіреттіҚұдай Иесіне жер бетіндегіТұрағын салып бермейінше».
Выбор основного перевода