Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Һарон сырғаларды қолдарынан қабыл алып, балқытып, құралмен қағып, жас бұқа мүсінін жасады. Сонда халық:— Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірің — осы! — десті. Мұны көрген Һарон мүсіннің қарсы алдынан құрбандық ұсынатын орын тұрғызып, қатты дауыстап:— Ертең Жаратқан Иеге арналған мейрам болады! — деп жариялады. Олар келесі күні ерте тұрып, құрбандық шалып, өртеп жіберді. Содан соң басқа да мал алып келіп, ризашылық құрбандығы ретінде шалды. Халық жайғасып отырып, құрбандықтан ішіп-жеді; біраздан кейін олар азғын ойындар ойнау үшін орындарынан тұрды. Хориб беткейінде халық жас бұқаныҚұйып жасап, сол мүсінге табынды,
Выбор основного перевода