Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді сендер тезірек әкеме жетіп, оған мына сөздерімді жеткізіңдер: «Ұлыңыз Жүсіп сізге былай деп сәлем жолдайды: Құдай мені бүкіл Мысыр елінің әміршісі етіп қойды. Көп кешікпей көшіп келіп, Гөшен аймағына қоныстаныңыз. Сонда балаларыңыз, немерелеріңіз, ірілі-ұсақты малдарыңыз және бар дүние-мүлкіңізбен бірге менің қасымда тұрыңыз. Сізге сол жерде қарайласпақпын, өйткені аштық әлі де бес жылға созылады. Егер олай етпесеңіз өзіңіз, үй ішіңіз және барлық адамдарыңыз жоқшылыққа ұшырайсыздар». Сонан соң әкелерің мен отбасыларыңды алып, маған келіңдер. Сендерге жердің өнімін жеу үшін Мысыр елінің ең жақсы бөлігін беремін». Оларға міндетті түрде тағы да былай де: «Әйелдеріңе, балаларыңа арнап Мысырдан күймелер ала кетіп, әкелеріңді өз жұртымен осы жерге көшіріп әкеліңдер. Лайым әкеңнің берген осы баталарыАтам заманнан тұрған таулардан,Көне қырлардан үміт еткен баталарданӘлдеқайда асып түсе берсін!Бұл баталарым төбесіне Жүсіптің —Бауырларының ішінен таңдаулыныңБасына әрдайым қона берсін! Бунямин жыртқыш қасқырға ұқсайды:Таң ата аулаған аңын жалмайды,Кешкісін де олжасын бөлісіп тояды. Жақыптан тараған ұрпақтардың саны сол кезде жетпіс болатын. Ал ұлдарының бірі — Жүсіп Мысыр еліне бұрынырақ келген еді. Мысырға көшіп барған ата-бабаларыңның ұзын саны жетпіс жан ғана еді, енді Құдай Иеміз сендерді аспандағы жұлдыздардай сансыз етіп көбейтті.
Выбор основного перевода