Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі көктегі Құдай — Жаратқан Ие мені әкемнің үйінен, туған жерімнен алып шығып, «осы елді сенің ұрпақтарыңа беремін» деп маған ант берді. Жаратқан Ие ұлыма сол жерден әйел тауып алуың үшін сенен бұрын Өзінің періштесін жібереді. Патша өз халқына:— Қараңдаршы, Исраилдің үрім-бұтағы тым көбейіп, күшейіп кетті. Ендеше ақылды шара ойластырып, олардың бұдан әрі көбеюлеріне жол бермейік. Әйтпесе соғыс бола қалған күнде дұшпандарымызға қосылып, бізге қарсы шайқасып, елімізден басқа жаққа көшіп кетер, — деп ойындағысын айтты. Содан олар Исраил халқын ауыр жұмыспен діңкелетіп, қысым көрсету үшін үстерінен бақылаушылар тағайындады. Сонымен исраилдіктер Мысыр патшасы перғауын үшін қоймалар ретінде Питом, Рамсес қалаларын салды. Бұларға қоса Мысыр патшасы әйелдер босандырушы исраилдік Шипыра мен Пуаны шақырып алып, оларға: — Исраилдік әйелдерді босандырған кезде нәрестенің жынысына назар аударыңдар: дүниеге ұл келсе, өлтіріңдер, ал қыз туса, тірі қалдырыңдар! — деп бұйырды. Бірақ әйел босандырушылар Құдайды терең қастерлегендіктен Мысыр патшасының айтқанын орындамай, туған ер балаларды тірі қалдыра берді. Мысыр патшасы мұны білгенде екеуін шақырып алып:— Сендер неге бұлай істеп жүрсіңдер? Неліктен ер балаларды өлтірмейсіңдер? — деп ұрысты. Олар:— Исраилдік әйелдер мысырлықтарға ұқсамай, өте күшті болып жатыр: олар босандырушы келмей тұрып-ақ босанып қояды, — деген жауап қайтарды. Босандырушылар Құдайды терең қастерлеп, осылай істегендері үшін, Құдай оларға мейірімін төгіп, үйлерін жарылқап ұрпақ сыйлады. Исраил халқы да өсіп-өніп өте күшті болды. Босандырушылар Құдайды терең қастерлеп, осылай істегендері үшін, Құдай оларға мейірімін төгіп, үйлерін жарылқап ұрпақ сыйлады. Исраил халқы да өсіп-өніп өте күшті болды. Сонда перғауын өзінің бүкіл халқына: «Исраилдіктердің дүниеге келген әрбір ер баласын Ніл өзеніне лақтырып, ал қыздарын тірі қалдырыңдар!» — деген жарлық шығарды.
Выбор основного перевода