Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Перғауын қолынан өзінің мөрі бекітілген сақинасын шешіп алып, Жүсіптің саусағына кигізді. Оған ақ бәтестен киімдер кигізіп, мойнына алтын алқа салып, көп ақыл-кеңес сұрап қажығандайсың. Аспанды бақылап, жұлдыздарды санаушыларың, жаңа ай туған сайын жорамал жасайтындар, енді алға шығып ақылдарын айтсын, сені басыңа төнген апаттан құтқарып алсын! Саған қымбат әшекейлер сыйлап, қолыңа білезік тағып, мойныңа алқа салдым. Содан ол түстерінің мазмұнын біліп алу үшін елдегі абыздар, балгерлер, сиқыршылар мен жұлдызшыларды шақыртты. Олар келіп, патшаның алдына жиналды. Ал егер түсімнің мазмұны мен мағынасын айтып берсеңдер, мен сендерге көп сый-тартулар беріп, зор құрметке ие боласыңдар. Сондықтан маған түсімді және оның мағынасын айтып беріңдер! — деп бұйырды. Сондықтан мен түсімнің мағынасын жорып берсін деп Бабылдағы барлық білімпаздарды алып келуге бұйырдым. Бірақ сені түрлі жайттардың мағыналарын түсіндіріп, қиын мәселелерді шешіп бере алады деп естідім. Егер мына жазуды оқып, оның мағынасын түсіндіріп берсең, үстіңе күрең қызыл шапан жауып, мойныңа алтын алқа тағып, сені патшалықтың үшінші билеушісі етіп тағайындаймын, — деді. Бұған қоса патшаның мүддесін көздеп, аймақ әміршілерінің үстінен қарап, есеп алып отыратын үш уәзірді де бекітті. Сол үш уәзірдің біреуі Даниял болды. Даниял (Құдайдың Рухы дарытқан) асқан қабілетінің арқасында өзге екі уәзір мен аймақ әміршілерінен озық шықты. Сондықтан патша оны бүкіл патшалықты басқарушы етіп қоюды ойлады.
Выбор основного перевода