Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бәрінің қолдары қаусап, тізелері судай әлсірейді. Егер олар сенен: «Неге күрсініп ыңқылдайсың?» деп сұраса, оларға жауап беріп былай де: «Келе жатқан хабардан. Ол жеткенде баршаның жүрегі қорқыныштан әлсіреп, қолдарынан күш кетіп, рухтары қалжырайды, тізелері аққан судай дірілдейтін болады! Міне, ол келе жатыр, сол хабар міндетті түрде орындалады! — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие!» Бірде төсекте жатқанымда өте қорқынышты түс көрдім. Ондағы қиялдар мен көріністерден үрейім ұшты. Балташазар деп те аталатын Даниял мұны естігенде біраз уақытқа аң-таң болып, басына келген ойлардан қатты абыржыды. Ал патша:— Балташазар, сол түс пен оның мағынасын уайымдама! — деді. Сонда ол былай деп жауап берді:— Уа, тақсыр ие, бұл түс пен оның мағынасы сізді жек көретін қас жауларыңыздың басына түссе екен. Ниневи тоналып, қиратылып, қаңырап бос қалады. Адамдар жүрексініп, тізелері дірілдеп, денелері қалтылдап, барлығының бет-жүздері аппақ қудай болады.
Выбор основного перевода